2 Қыркүйек 2024 2024, 04:27
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Елордада стадион өртке оранды
Бүгін түнде Астана қаласы Сарыарқа ауданы Кенесары көшесі бойндағы жұмыс істемейтін стадион аумағында қоқыстың жануы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін түнде Астана қаласы Сарыарқа ауданы Кенесары көшесі бойндағы жұмыс істемейтін стадион аумағында қоқыстың жануы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
ТЖМ күштерімен өрт 20 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда, - делінген хабарламада.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.