Елордада соңғы бір айда жол ережесін бұзудың 17 мың жағдайы тіркелген

Елордада соңғы бір айда жол ережесін бұзудың 17 мың жағдайы тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы 19 шілдеден бері «Қауіпсіз жол» шарасын өткізген полицейлер мәлімдеді.

Соның ішінде қоғамдық көлік жүргізушілері 164 мәрте ереже бұзса, тағы жүзден астам адам жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.

Сонымен қатар, 114 жүргізуші көлікті мас күйінде айдап, тәртіп сақшыларының назарына іліккен. Тағы 316 адам темір тұлпарды құжатсыз басқарыпты. Жол ережесін бұзғандардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 463 көлік айып тұрағына жеткізілді. 3,5 мың жүргінші жолды кесіп өткені үшін жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы