Елорданың сол жағалауында орталық көшенің бірін су басты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сол жағалауда кәріздің жарылуынан жолдарды су басып қалды.
Жолды су басқандықтан таңертеңнен бастап Түркістан, Сығанақ, Достық көшесінде полицейлер тұр.
Куәгерлердің айтуынша, Түркістан көшесінің ауданында таңғы сағат 8 шамасында көлік кептелісі болған. Таңертеңгі сағат 9-да жол бөлігінде көктайғақ пайда болды, су басқан учаскеге құм себіліп, қалпына келтіру жұмыстары істеліп жатыр.
Бұл көшелерде Қорғаныс министрлігінің ғимараты, Ritz-Carlton қонақ үйі, ірі бизнес орталықтары мен тұрғын үйлер орналасқан.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін елордада ауа райының төмендеуіне байланысты І ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін қашықтан оқып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан мен Корея сарапшылары энергетика саласындағы ынтымақтастықты талқылап жатыр
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы