Елордада сол жағалауындағы кейбір үйлер жарықсыз қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы "Левобережная" 110/10 кВ шағын станциясының өрт шығып, тоқ сым зақымданды. Салдарынан сол жағалаудағы кейбір тұрғын үйлер жарықсыз қалды. Бұл туралы elorda.info хабарлады.

10 қазан күні түнгі сағат 02.04-те осы станциядан қосылған нысандардың электрмен жабдықтау желілері апат салдарынан ағытыла бастады. Осы кабель линияларына қосылған тұтынушылар өрт сөндіру бригадаларының электр тоғы соғуын болдырмас үшін электрмен қамтудан ажыратылды. Апат салдарын жою бригадалары құрамында, 15 адам және 6 арнайы техника, қажетті жабдықтарымен шұғыл түрде жұмысқа кірісті. 5 жедел-көшпелі бригадалар нысандарды қайта қосумен айналысуда. Қолда бар барлық мобильді дизель-генераторлар іске қосылды. Кабель желілерін қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасуда, - делінген хабарламада.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы