5 Қараша 2019 2019, 10:02

Елордада әскери жиындар өткізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында 4-13 қараша аралығында қалалық аумақтық қорғаныс бригадасына тіркелген әскери міндеттілермен әскери жиындар өткізіледі. 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында 4-13 қараша аралығында қалалық аумақтық қорғаныс бригадасына тіркелген әскери міндеттілермен әскери жиындар өткізіледі.  Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жиын кезінде әскери міндеттілерге мынадай пәндер бойынша дәрістер өткізіледі: тактикалық дайындық; жалпы әскери жарғылар; әскери топография; инженерлік даярлық; радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау бойынша сабақтар, сондай-ақ оқу-жаттығу атыстары. Бригаданың негізгі міндеті – қаланың маңызды стратегиялық нысандарын күзету және қорғау, ерекше кезеңде соғыс жағдайында қолдау көрсету.