24 Қыркүйек 2024 2024, 00:26
Фото: gov.kz
Елордада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтеді
Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлім етті.
Белгілі болғандай, турнир 1-5 қазан аралығында ұйымдастырылады.
Республикалық турнир арқылы алдағы халықаралық жарыстарға, жаңа маусымға қатысатын құрам жасақталады.
Алғашқы екі әлемдік дода 26-27 қазан күндері өтеді. Канаданың Монреаль қаласы World Tour сериясындағы турнирлерді бастайды деп жоспарланып отыр.