Елордада шомылу рәсімі қай орындарда өтеді
Астанада 18-19 қаңтар күндері барлық православие шіркеулерінде Крещение мерекесі рәсімі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
2024 жылы Крещение мерекесінің рәсімі 18-19 қаңтарда Астана қаласының барлық православие шіркеулерінде өтеді. Олар Успен кафедралды соборы (Күйші Дина көшесі, 27), Константин-Еленин шіркеуі (Республика даңғылы, 12), Серафим Саровтың шіркеуі (Бөгенбай батыр даңғылы, 8).
Есіл өзеніндегі мұздың қалың болмауына байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің ұсынысы негізінде шомылатын орындар Есіл өзенінің сол жағалауындағы орталық жағажайда орналастырылды.
Жаппай шомылуға арналған ойықтар Есіл өзеңінің сол жағалауындағы «Астана» саябағының жағалауында (орталық жағажай) орнатылады. Шомылатын орындар 18 қаңтар күні сағат 19:30-дан бастап 19 қаңтар сағат 02:00-ге дейін қолжетімді болады.
Сондай-ақ, жаппай шомылу 19 қаңтар таңғы 08:00-ден сағат 23:00-ге дейін жалғасады.
Діни рәсім барысында Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Суда құтқару қызметі және полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл күні шомылу орындарында жедел жәрдем бригадалары кезекшілік етеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік шараларын сақтауға және шомылу кезінде ауа райы жағдайларын ескеруге шақырып отыр.
Сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін және шомылуға арналған орындарды есте ұстаған жөн: купельдің жанында 3 адамнан артық тұрмау керек, тек құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің бақылауымен суға түсу қажет. Суға кірмес бұрын, денені қыздыратын жаттығу жасап, рәсімнен кейін өзіңізді сүлгімен ысқылап, жылы заттарды киіп, ыстық шай ішуіңіз керек. Егер шомылу кезінде денсаулығыңыздың нашарлағанын сезсеңіз, дереу шомылу орнында кезекші дәрігерлерге хабарласуға кеңес береді.