Елордада шетелдік инвесторлар марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Қазақстандық жаһандық инвестициялар жөніндегі төртінші дөңгелек үстел» барысында Қазақстанға инвестиция құйған шетелдік компаниялар марапатталды.
Сыртқы істер министрлігі мен "Kazakh invest" ұлттық компаниясы инвестициялық белсенділігі үшін шетелдік инвесторларды марапаттады.
Ұзақмерзімді серіктестігі үшін "Шеврон" компаниясы марапатталды. Компания Қазақстандағы 30 жылдық жұмысында 158 млрд доллар тікелей төлемді құраған. Сондай-ақ Citibank, "Anadolu Group”, “Hevel”, "Danone” сынды компаниялар бар.
Оған қоса агроөнеркәсіптік, инфрақұрылымдық, фармацевтиКалық саладағы ынтымақтастықта белсенді болған шетелдік компаниялар марапатталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Pfizer. Ақылы вакцина қанша тұрады?
Келесі жаңалық
Абай облысындағы жарылыс: Мектеп қазандығы жаңартылды
Өзгелердің жаңалығы