Елордада Шекспирдің «Ричард ІІІ» спектаклі сахналанады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26-27 сәуір күндері Нұр-Сұлтан қаласының Номад театрында У.Шекспирдің «Ричард ІІІ» спектаклінің премьерасы өтеді.
Тұңғыш рет әлемге әйгілі У.Шекспирдің «Ричард ІІІ» трагедиясы реквием жанрында сахналанады. Режиссер - Фархад Молдағали.Әлемге әйгілі «Ричард ІІІ» трагедиясы - Уильям Шекспирдің хроникаларының озық туындысы. Билік жолында туған бауырының да жанын алған, өзі билік еткен кезеңде ең қатыгез патша атанған қанышер Ричардтың өмірі әркімге қызық әрі жұмбақ.
"Алайда, Ричардтың өмірді жек көруіне, осыншалық жауыз болуына себеп болған не нәрсе? «Ричард ІІІ» реквиемінде көрермен Ричардты басқа қырынан тани алады. Оның бауырларына, айналасындағы адамдарға деген қарым-қатынасына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік туады. Ричардтың жан дүниесіне тереңірек үңілсе, ол жайлы бұрынғы қалыптасқан ой өзгеруі әбден мүмкін", - делінген таратылған ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағандыда нашақорлықты жоюға бағытталған шаралар атқарылуда
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы