Елордада шамамен 1 мыңдай бала тенниспен айналысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды.
Жаңа спорт кешендері спортпен шұғылдануға баулып қана қоймай, спорт түрлерінің дамуын жаңа сапалық деңгейге шығаруға, қалалықтардың бос уақытын спортқа арнауға мүмкіндік береді. Қазақстан теннис Федерациясы 2019 жылдың күзінде жаңа «Дәулет» теннис орталығының жұмысымен таныстырды. Бұл спорт мекемесі былтырдың өзінде қосымша - 340-тан астам баланы оқуға алуға мүмкіндік берді. Бұл бұрынғыға қарағанда 40% көп. Осылайша қазір шамамен 1 мыңдай бала тенниспен айналысады, - деді Көлгінов.Оның айтуынша, жаңа спорт кешеніне 8 жабық және 5 ашық корт, жаттығу залы, теориялық сабақтарға арналған әдістемелік залдар, тамақтану аймағы және т. б. бар.
Барлық халықаралық талапқа сай келетін осындай спорт мекемелерінің ашылуының арқасында еліміздің спортында жұлдызды жаңа есімдер пайда болатынына сенімдімін! Спорт кешендері - жаңадан бастап келе жатқан спортшыларымызға - трамплин, ал қалалықтар үшін - пайдалы демалыс орны. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қала тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту үшін жағдай жасауға жұмыс істейміз, балалар-жасөспірімдер спорты мен федерацияларды қолдаймыз, қолданыстағы спорт нысандарын жөндейміз және т. б, - деп сендірді әкім.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы