Елордада шахматтан әйелдер Гран-приінің бірінші кезеңі басталды

Сайысқа әлемдік рейтингтегі үздік 12 спортшы жиналды. Олар екі апта бойы өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Жылдың ең белді турниріне екі отандасымыз қатысып жатыр. Олар Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева. Сайыстың жүлде қоры 80 000 еуро. Тақта үстіндегі тартыстан үздік шыққандар келесі кезеңге өтеді. Жалпы, түрлі мемлекетте өтетін 4 кезең бар. Бұл сайыстардан сүрінбей өткен шахматшы жыл үздігі атанады. Мұндай көлемдегі шахмат сайысы елде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Бұл этаптың төртеуі өтеді. Қазір бұл бірінші этапы. 23 жылға дейін созылады. Мысалы келесі этап Мюнхенде өтеді. Сондықтан да бұл 4 ойынның нәтижесінде баллдар шығады. Ең соңғысында бірінші орын алған адам әлемдік деңгейдегі титулға күреседі деп айтсақ болады, - дейді халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Гүлісхан Нақпаева.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы