Елордада үш ауысымдық мектептер саны азаяды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда 2020 жылы 12 мектеп салынып, пайдалануға беріледі. Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов бірқатар оқу орындарына барып, олардың құрылысымен танысты.

Салынып жатқан мектеп №59 мектептегі үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Мектеп құрылысында үлкен тәжірибеміз бар. Қандай да бір кемшіліктерді байқасақ, бірден түзетеміз. Мұғалімдер мен оқушыларға ғимарат ыңғайлы болуы керек. "Қарапайым заттар экономикасын" қолдаймыз, мектеп құрылысы барысында қолданылатын материалдың  90% - отандық өнім, - деді мектеп салушы құрылысшылар.

Қала әкімі Алтай Көлгінов сапалы құрылыстың маңыздылығын атап өтті.
Мектептерді сұраныс бар жерлерде саламыз. Оларды тиісті деңгейде салу керек. Санитарлық нормаларды қатаң сақтап, аумақты абаттандыру керек". Биыл Нұр-Сұлтанда 12 мектеп салынып, пайдалануға беріледі. 2021 жылы тағы 12 мектеп салынады. Оқу орындарының құрылысына жеке инвесторлар да тартылды. Кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 60 мың орындық 50 мектеп (оның ішінде 10-ы мектептердің аумағында) салу жоспарланған. Бұл екі ауысымда 120 мыңға жуық оқушы орнын құруға мүмкіндік береді, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы