Елордада "Сергек" арқылы карантин кезінде кімдерге айыппұл салынады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантин және төтенше жағдай кезінде елордада "Сергек" жүйесі де күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Карантин және төтенше жағдай кезінде "Сергек" жүйесі күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Тексеру жүргізушілерге қатысты жасалады. "Сергек-патруль" базасына автокөлік тоқтаған кезде полицейлер жүргізуші мен көліктің деректерін: ЖСН, көліктің мемлекеттік нөмірі және жүргізушінің нақты тұрғылықты жері мен жұмыс орнын енгізеді. Негізсіз қалаға шыққан тәртіп бұзушылар алғашында ескерту алады. Екінші мәрте тәртіп бұзған жағдайда Нұр-сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешіміне сәйкес 10 АЕК айыппұлдан 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.
Қайта тексеру кезінде, егер ақпараттық базаның мәліметтеріне сәйкес, азық-түлік пен дәрі-дәрмектер алудан басқа мақсатта, маршрутты негізсіз бұзғаны анықталса, жүргізуші ҚР ӘҚБК 476 бабы (Төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта базада ТЖ кезіндегі құқық бұзушылықтар есептелуде. Күн сайын "жұмыс – үй" қағидаты бойынша көлік жүргізушілерінің деректері енгізіледі. ТЖ режимі мен карантин тәртібін бұзғаны үшін айыппұлдар бүгінгі күні өзекті.

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша барлығы 13 000 "Сергек" камерасы бар. Ол күніне 12 млн-нан астам оқиғаны өңдеуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы