Елордадағы "Сенатор" тұрғын үй кешенінде өрт шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін таңғы сағат 7:44-те Нұр-Сұлтан қаласындағы 23 қабатты "Сенатор" тұрғын үй кешенінен өрт шықты, деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Өрт 20-қабаттағы пәтерде тұтанған. Салдарынан мұздатқыш камерасы, терезе рамалары мен балкондағы үй заттары өртенді. Алдын ала болжам бойынша, мұздатқыш камераның қысқа тұйықталуы болған.

08:15-те өрт жойылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Тұрғындар өздігінен шыққан. Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД-нен 25 адам және 5 бірлік техника шықты, - делінген аталған хабарламада.
Сонымен қатар, бүгін таңғы сағат 05:36-да СҚО Қызылжар ауданының Кондаратовка ауылында "Астық ЛТД Нұр компания" ЖШС аумағында жалпы ауданы 1100 ш.м. 4 қойма үй-жайы өртенді. Өрт 07:29-да ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге  46 адам және 12 техника бірлігі жұмылдырылды.



Сондай-ақ, 12 маусымда сағат 06:25-те Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылындағы 25 қабатты жеке тұрған үйдің 2-қабатында 250 шаршы метр аумақта өрт шығып, 32 шаршы метр аумақта бір қабатты жапсарлас қойманың төбесін шарпыды. 



Өрттің жалпы  аумағы 282 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан "Газель" автокөлігінің кабинасы жанып кетті. Сағат 08:10-да өрт жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында Түркістан облысы ТЖД мен ПД 36 қызметкері мен 9 техника бірлігі жұмыс істеді, - делінген хабарламада.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы