Елордада сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге өтініш қабылдау басталады

27 ақпанда Астанада сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге өтініш қабылдау басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ

Бағдарламаға мына санаттағы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады: 

Білім беру саласының; 

Денсаулық сақтау саласының; 

Мәдениет және спорт саласының; 

Әлеуметтік қорғау саласының;

Полиция департаменті және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері.

Өтінішті 3 наурызға дейін «Тұрғын үй қоры» КММ сайтында беруге болады. 

1 шаршы метрді жалдау құны – 1455 теңге. Пәтер 20 жылға дейінгі мерзімге жалға беріледі. Тұрғын үй жалға алу мерзімі өткеннен кейін жалға алушының меншігіне өтеді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: kazgazeta.kz
Өзгелердің жаңалығы