Елордада сарбаздар әскерге шақырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында "Ел Тірегі-2019" атты күзгі мерзімді әскери қызметке шақыруға арналған дәстүрлі науқан өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілді. 1200-ден астам әскерге шақыру жасындағы жасөспірімдер және олардың ата-аналары бас қосты. Қалыптасқан дәстүр бойынша "Астана" концерт залының кіреберісінде әскери оркестр өнер көрсетті. Сол сияқты әскери киім үлгілері мен қару-жарақ түрлері ұсынылған көрме ұйымдастырылды.Әскерге шақыртылған жастар алдында Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мен қала мәслихатының өкілдері және Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы ардагерлері сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. Олар қазіргі уақытта армиямыздың күннен күнге дамып келе жатқанын, сонымен қатар, азаматтардың Қарулы күштерге деген қызығушылығының артқанын мәлім етті, - делінген ақпаратта.Ұлы Отан соғысының ардагері Ахат Бекмәді жастарға Отан алдындағы борыштың қасиеттілігі, ел қоғау жолында жан кешкен әкелері, аталарының батырлығы туралы еске салып өтті. Сарбаздарға әскери қызмет атқару кезіндегі қажетті амалдар мен әскери қоян-қолтық ұрыс элементтері көрсетілді. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық Ұланы мен Шекара қызметінің өкілдері қонақтар үшін өз қызметтерін танытатын бейнебаяндар ұсынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтауда жемқорлыққа қарсы квест өтті
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы