Елордада құрылысы ұзақ жүрген 500 мың шаршы метр үй салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Нұр-Сұлтанда құрылысы ұзаққа созылған 500 мың шаршы метр тұрғын үйлердің құрылысы аяқталады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Бұл – 20 тұрғын үй кешені. 8 мыңға жуық үлескер пәтер иегері атанып, үй құжаттарын рәсімдей алады.
Алтай Көлгінов жұмыс барысымен "Жастар 4", "Арыстан", "Гарант" сияқты бірқатар үлестік құрылыс нысандарын аралаған шаһар басшысы Алтай Көлгінов тұрғын үй жұмысының қайта басталғанын атап өтті. 
Тұрғын үй кешенінде жұмыстар қайта басталды. Пәтерімізді жыл сайын күттік. Ал қазір құрылыс жұмыстарының жанданғанын өз көзімізбен көріп тұрмыз. Өткен жылдың күзімен салыстыратын болсақ, көп жұмыс атқарылды. Өзіміз үшін де, басқа да үлескерлер үшін де қуаныштымыз, - деп атап өтті тұрғын үй үлескерлері.
Сонымен қатар елорда әкімі барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтау керектігін айтты.
Пандемияны ескере отырып, нысандарда барлық талаптарды қатаң сақтау қажет. Жұмысты тиісті деңгейде жүргізу маңызды. Құрылыс сапалы болуы керек. Қаланы абаттандыру қажет, - деп тапсырған бас қаланың басшысы.
Өткен жылы 2,5 мың үлескері бар 10 үй пайдалануға берілген. Әрбір үлестік құрылыс нысаны бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы