Елордада ұры дүкенде әйелдің телефонын үптеп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының полициясы дүкенде әйелдің телефонын ұрлап кеткен видеоны жариялады.
Дүкенге баласымен азық-түлік алуға келген әйел телефонын ұрлатып алады. Сөредегі өнімдерді таңдап тұрған ол, сыртынан ұры бақылап тұрғанын байқамайды.
«Әйел баласымен сөреден азық-түлік таңдап тұрған сәтте ұры білдірмей ғана әйелдің қалтасынан телефонын алып шығады. Кейін телефоны жоғалғанын білген ол, полицияға хабарласады. Қалалық криминалды полиция департаментінің қызметкерлері көп уақыт өтпей күдіктіні ұстады» , - деп хабарлады ведомствода.
Күдікті бұрын да осындай қылмыстары үшін сотталған Нұр-Сұлтан қаласының 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Полиция одан ұрланған телефонды тәркіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде цифрлық комиссарлар пайда болды
Өзгелердің жаңалығы