Елордада Рождество мерекесі тойлануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордалық тұрғындар қаланың бас храмы - Успенский Кафедральды Соборына православ христиандарының Рождество мерекесіне жиналды.

Нұр-Сұлтан қалалық шіркеу округінің басшысы, архимандрит Сергий Карамышев жиналған қауымды Рождество мерекесімен құттықтады.


Бүгін Рождество күніне орай еліміздің басшылығынан құттықтаулар аламыз. Міне, мемлекетіміздің діни саласын реттейтін министр Дәурен Абаев келді. Қала әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен мырза да қала басшысы атынан құттықтау үшін құрметпен келіп отыр. Бұл - ел басшылығының Православ христиандарына деген құрметі,  ілтипаты деп білеміз. Мемлекетімізде барлық дінге еркіндік берілгенінің айғағы деуге болады. Рождество құтты болсын, - деді Сергий Карамышев.


Елордалықтар балаларымен шіркеу ішінде салтанатты шараны тамашалап,  шырақтарын жақты. 


Біз үшін жыл сайын асыға күтетін - мереке. Бүгін отбасымызбен шіркеуге жиналдық. Тілектерімізді айтып, шырақ жақтық. Православ дініндегі барлық бауырымды Рождество мерекесімен құттықтап, отбасыларына бақыт, елімізге тыныштық тілеймін, - деді қала тұрғыны Татьяна.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы