Елордада республикалық STEM-олимпиада басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. STEM сайыс - бұл техникалық білім саласындағы барлық соңғы жетістіктерін қамтыған инновациялық білім олимпиадасы. Олимпиада инженерия, бағдарламалау, робототехника және 3D үлгілеу секілді ғылымдардан тұрады.

Астана Innovations тұңғыш республикалық "STEM - білімдегі инновациялар" олимпиадасын өткізіп отыр. Алматы, ШҚО, Павлодар, Қарағанды облыстарынан келген командалар мынадай жүлделер үшін сайысатын болады - 3Д принтер, Робототехника жиынтықтары, ноутбуктар, лазербот, Windows Mixed reality шлемі, сондай-ақ жазғы лагерьге жолдамалар!, - деп атап өтті әкімнің орынбасары Малика Бектұрова өзінің телеграм-каналында.


Іс-шараға барлығы 140 команда тіркелді – бұл бүкіл Қазақстанның түкпір - түкпірінен келген 500-ден астам оқушылар. 2018 жылы елімізде оқу STEM зертханалары ашыла бастады, олардың алғашқысы елорданың №41 мектебінде пайда болды. Бүгінгі күні Қазақстанда 90-нан астам STEM зертханалары ашылған, олардың 36-Нұр-Сұлтанда. 

Жақын арада мегаполистің басқа мектептерінде тағы 65 зертхана ашу жоспарланып отыр, осылайша STEM-қамту 100%-ға жетпек. Бұдан басқа, барлық астаналық мектептер робототехника кабинеттерімен жабдықталған, балабақшалар базаларында робототехника негіздерін зерттейтін 20 алаң ашылды. Бұл балалардың қызуғышылығын оятып, ойын дамытуға, зияткерлік пен инновацияларлы дамытуға жетелейді, - деп хабарлады "Астана Innovations" АҚ баспасөз-қызметі.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы