Елордада Республика күніне орай футболдан қалалық ашық турнирі өтті

Астанада Республика күніне орай 2014 жылы туған жасөспірімдер арасында футболдан қалалық ашық турнирі өтті. Оған Астана қаласындағы клубтардан құралған 10-ға жуық команда қатысты, деп хабарлады BAQ.KZ.

Шараның негізгі мақсаты - жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, балаларды спортпен айналысуға ынталандыру дейді ұйымдастырушылар.

Жарыс жалауы ұлттық мереке Республика күніне орай көтерілді.  Негізгі жарысқан құрам - 2-3 сынып оқушылары. Бұл осы мерекеге арналған алғашқы жарыс. Бүгінгі турнирге 10-ға жуық команда қатысып отыр. Балғын футболшылардың ынтасын арттыру мақсатында алдағы уақытта дәстүрлі жарыстардың қатарына кіргіземіз, -дейді қалалық №8 Балалар және жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің басшысы Дінмұхамед Курамаев.

Күн бойына созылған ойындар нәтижесінде қалалық "Спарта" командасы қарсылас шақ келтірмей турнирдің жеңімпазы атанды. 
Екінші орынды №8 Балалар және жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің жас өреңдері алса, "Футниндзя" командасы үшінші орынға жайғасты. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы