Елордада Республика күніне арналған концерт өтті

Астананың Бейбітшілік және келісім сарайында «Республика – ел тұғыры» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Республика күніне арналған іс-шара қазақ халқының салт-дәстүрін, әндерін, музыкалық аспаптарын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

Республика күні – көпұлтты халықтың бірлігінің, әрқайсымыздың туған жерімізге деген шынайы сүйіспеншілігіміздің белгісі.
Біздің міндетіміз – тәуелсіздігіміздің негізі болып саналатын айтулы мерекені атап өту. Бүгінгі концерт халық арасында Республика күнінің мәртебесін арттырып, мерекенің тарихи маңыздылығын көрсетеді деп санаймын, - деді елорданың Алматы ауданының әкімі Мақсат Саматұлы.

Іс-шараға елордалық шығармашылық ұжымдар қатысты. Олардың арасында «Самға» ансамблі мен «Алтын домбыра» аспаптық ансамблі бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Елорда әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы