Елордада Respublica партиясының съезі өтіп жатыр
Елордада жаңадан құрылған Respublica партиясының съезі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Съез бейресми «галстуксыз» форматта ұйымдастырылған. Оған партия жетекшілері мен баспасөз өкілдерінің қатысуда.
Сондай-ақ жиынға шақырылғандар арасында белгілі қазақстандық кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері мен блогерлер бар.
Руслан Берденов кандидаттардың өз аймақтары мен салаларындағы ауыртпалық пен проблемаларды жақсы білетінін атап өтті.
Қазір Астананың сол жағалауын толтырып жатқан шенеуніктерге, аппаратшыларға қарағанда, біздің өкілдеріміз реформаларды қалай жүргізу керектігін, азаматтық бақылауды қалай жүзеге асыру керектігін, қандай заңдар қажет, қайсысы ескіргенін немесе еш қажеті жоқ екенін біледі. Біздің өкілдерміз озық білімді, бизнесте нақты істері бар, әлемнің әртүрлі елдерінде болған, онда мемлекеттік аппараттың қалай сауатты ұйымдастырылғанын және парламенттердің қалай тиімді жұмыс істейтінін біледі. Ең бастысы, олар оны Қазақстанда қалай жүзеге асыру керектігін біледі, - деді Руслан Берденов.
Съезде партия мүшелері Жарғыны бекітіп, сайлауалды бағдарламасын ұсынады. Партиялық тізімдер мен бірмандаитты аумақтық округтер бойынша сайланатын сегізінші шақырылымдағы Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну мәселесін талқылайды деп күтілуде.