Елордада Red Bus автобустарымен шолу экскурсиялары қайта жанданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әрбір айналымнан соң автобус іші кварцталып, арнайы дезинфекция құралдарымен өңделеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Red Bus экскурсиялық автобустары өз жұмысын бастағанын қуана хабарлаймыз! Біз аудиогидімізді жаңартып, қосымша жаңа бағыт – Есіл өзенінің жағалауын қостық, – делінген Red Bus хабарламасында.

Қауіпсіздік мақсатында әр айналым сайын автобус кварцталып, арнайы дезинфекция құралдарымен өңделеді. Салонда қолды тазарту үшін антисептик орнатылған және әр адамға бір реттік құлаққаптар беріледі. 

Барлық жолаушылар экскурсия барысында автобус ішінде маска тағып отыруы керек. 

Елорда бойынша қауіпсіз экскурсияға шақырамыз! Сіз қаланың тарихымен танысып, Нұр-Сұлтанның ең көрікті орындарын тамашалайсыз, – дейді компания өкілдері. 
Red Bus күн сайын, демалыссыз жұмыс жасайды. 

Жөнелту орны – "Есіл өзенінің жағалауы" аялдамасы, 10:00, 12:50, 15:20 және 18:10. 

Аялдамалар: 

Есіл өзенінің жағалауы 

"Хан-Шатыр" СОО 

"Мәңгілік ел" салтанат қақпасы 

"Нұр-Әлем" музейі 

Ұлттық музей 

"Бәйтерек" монументі 

"Ailand" океанариумы



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы