Кеше 2026, 23:55 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Елордада құтқарушылар Есіл өзені бойында түнгі рейдтер жүргізіп жатыр

Патрульдеу жұмыстарына жоғары өтімділікке ие арнайы катерлер тартылған.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Астана қаласының құтқарушылары Есіл өзені бойында түнгі патрульдеу жұмыстарын күшейтті.

Рейдтер халық көп жиналатын және қауіп деңгейі жоғары учаскелерде жүргізілуде. Патрульдеу жұмыстарына жоғары өтімділікке ие арнайы катерлер тартылған.

Құтқарушылар судағы қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылап, тұрғындар мен демалушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ қажет болған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетеді.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Мамандардың кеңесі:

  • Рұқсат етілмеген жерлерде шомылмаңыз;
  • Мас күйінде суға түспеңіз;
  • Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • Қайықпен немесе катермен жүрген кезде міндетті түрде құтқару кеудешесін киіңіз.

Құтқарушылардың айтуынша, қауіпсіздік талаптарын сақтау судағы қайғылы оқиғалардың алдын алудың басты шарты болып табылады.