Елордада құрбандыққа шалатын қой көшеге қашып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада құрбандыққа шалатын қой көшеге қашып кетті. 

Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады.

Бірнеше секундтық видеодан қой астананың сол жағалауындағы Қабанбай батыр көшесінің ортасындағы көліктердің арасында қашып жүргенін көруге болады. 

Бүгін мұсылман қауым Құрбан айт мерекесін тойлап жатыр. Діни мереке 9, 10, 11 шілде күндері атап өтіледі. Аталған мерекеге тән міндеттің бірі – құрбан шалу. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы