Елордада "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы басталды

Астана полиция департаменті елорда көшелеріндегі және қоғамдық орындардағы құқықтық тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында 11 желтоқсаннан бастап "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қала аудандарын патрульдеу үшін учаскелік полиция инспекторлары, көші-қон қызметінің қызметкерлері, қылмыстық және патрульдік полиция қызметкерлерінен мобильді топтар құрылды. 

Сондай-ақ құқық бұзушылық фактілерін анықтау мақсатында саяжай аумақтарын, құрылыс алаңдарын, базарларды және жалға берілетін пәтерлерді тексеріп жатыр. Осы кезеңде полиция органдарында есепте тұрған адамдар да тексеріледі. 

Сақшылар қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидатын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды, жол қозғалысын, оның ішінде қала сыртындағы бекеттерде қадағалауды күшейтеді. 

Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүзеге асырылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы