Елордада Қошқарбаев - Әл-Фараби жол айрығында қозғалыс шектеледі

Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Р. Қошқарбаев көшесі – Әл-Фараби даңғылының жол айрығында орташа жөндеу жұмысын бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Теміржолшылар елді мекені бағытындағы оң жақтағы съездер, сондай-ақ әл-Фараби даңғылы жағынан Р.Қошқарбаев көшесі бағыты жабылады.

Осыған байланысты 22-26 сәуір аралығында аталмыш учаскелерде көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты
Өзгелердің жаңалығы