Елордада қоқыс шығару тарифі кімдерге жеңілдетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы тарифті есептеу кезінде тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруға қандай жеңілдіктер берілетінін еске салды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. 

Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы шешіміне сәйкес жеке тұлғалар үшін тариф есептеу кезінде тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруға жеңілдіктер қарастырылған: 

100% — Ұлы Отан соғысына қатысушыларға; 

50% — Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, көпбалалы аналар, I топтағы мүгедектер; 

25% – II топтағы мүгедектер мен жасына байланысты зейнеткерлер. 

Есеп айырысулар тиісті өтініш берілген және растайтын құжаттар ұсынылған сәттен бастап жүргізіледі.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы