Елордада Qazforum басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада QAZFORUM қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың V форумы басталды.
Форумның тақырыбы «Қазақ интернеті: бүгіні мен болашағы» аясында қазақтілді медианы дамытудың жаңа трендтері.
Қазақ тілінде ұсынылатын контенттің ең өзекті мәселелерін сарапшылар мен журналистер, блогерлер мен бейне-контент жасаушылар талқылайды.
QAZFORUM бастамашысы және идеялық қолдаушысы – АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі, ұйымдастырушы – «Business Event&Rent» агенттігі.
QAZFORUM онлайн-БАҚ редакторлары үшін шағын іс-шарадан еліміздегі қазақ тіліндегі медиа, оның қоғам дамуындағы рөлі, БАҚ пен онлайн-медиа алдында тұрған өзекті күн тәртібін және қазіргі заманғы сын-қатерлерді талқылайтын ірі пікірталас алаңына айналды. Жыл сайын ұйымдастырушылар қатысушыларға өзекті мәселелерді талқылауды және халықаралық тәжірибе негізінде қазақстандық медиа-нарықтың даму перспективаларын айқындауды ұсынады.