Елордада "QAZFORUM 2020" форумы өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл "Қазақ интернетіндегі онлайн контент жасаушылардың IV форумына еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам медиамаман жиналыпты.
Бұл жолы форум "Жаңа онжылдықтағы БАҚ: өзгерту және өзгеру уақыты" тақырыбына арналып, қазақ тілді БАҚ дамуының жаңа тенденцияларын талқылауды қамтиды.
Желіде қазақ тілді ақпаратты дамыту мәселесі Қазақстан үшін ғана емес, әлемдік қауымдастық үшін де маңызды. Қазір қазақ тілі жастар арасында танымал екенін байқап жүрмін. Мысалы мен Аламатыда 20 жыл бұрын жұмыс істегенде қазақша сөйлеп жүрген адамды сирек көретінмін. Біз қазақ тілді БАҚ кәсіби түрде өркендеп, дамуына үлесімізді қосқымыз келеді. Себебі, Қазақстанда қазір қазақ тілінде түрлі бағытта жұмыс істейтін 500-ге жуық редакция бар екен. Онлайн БАҚ-та жұмыс істейтін журналистер үшін кәсіби біліктілігін арттыру тетіктерін қарастыру қажет, - деді форумның ашылу салтанатында сөз сөйлеген АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям Мозер.Форумның бірінші бөлігінде "Қазақ қоғамына қандай медиа қажет?" деген тақырыпта талқылау өтті. Қатысушылар "Интернет пен жаһандық цифрландыру ғасырында жаңа медиа медиа дәстүрлі БАҚ-ты алмастырды ма?" деген сұраққа жауап іздеп көрді. Осыған қоса іс-шараның екінші сессиясы сарапшылар БАҚ жетістіктеріне әсер ететін факторларға қатысты өз зерттеулерінің нәтижесін ұсынбақ.
Форум аясында қатысушылар үшін YouTube-те контент жасау, деректер базасымен зерттелер жүргізу бойынша мастер-кластар ұйымдастырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда "Үй жанындағы дүкен" жобасы жүзеге асырылуда
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы