Елордада Қазақстан әйелдерінің форумы басталды: прогресс пен жетістіктерге 25 жыл

Елордада  Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның 25 жылдығына арналған Қазақстан әйелдерінің форумы өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер форумына Қазақстанның барлық өңірінен 500-ден аса қатысушыны жиналды. Олардың қатарында белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, журналистер, кәсіпкерлік, білім және ғылым салаларының өкілдері, көп балалы аналар бар.

Іс-шараның негізгі мақсаты әйелдердің қазіргі қоғамдағы рөлін талқылау, сондай-ақ олардың өзін-өзі дамытуға және елдің саяси өміріне қатысуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ тәжірибе алмасуға бағытталған бастамалар болды.

Форум 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған заманауи бейнелеу өнері көрмесінен басталды. Экспозицияға заманауи авторлардың әртүрлі стильдері мен әдістерімен жасалған 25 жұмысы кіреді.

Әр суретші әйел бейнесін түсіріп, оған ерекше мазмұн мен мағына берді. Көрмеге қатысушылар әйелдің отбасындағы және мансаптағы рөлі, оның жан-жақты мәні мен айрықша мақсаты туралы өз көзқарастарын ұсынды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі А. Балаева, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Байкен, "Amanat" партиясының хатшысы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Ш. Каринова, "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма Төрағасы Н. Жақыпов және басқа да түрлі салалардың өкілдері қатысты.

Форум TEDX форматындағы спикерлердің сөз сөйлеуімен жалғасады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Елорда әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы