Елордада қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VI форумы өтеді

28 сəуірде Астана қаласында қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VI форумы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Жасанды интеллект дəуірі: қазақ медиасын қайта зерделеу» тақырыбындағы форум аясында (əрі қарай – QAZAQFORUM) қазақтілді медианы дамытудың жаңа трендтері талқыланады.

Сонымен қатар қазақ тілінде ұсынылатын контенттің ең өзекті мəселелерін сарапшылар мен журналистер, блогерлер мен бейне-контент жасаушылар ортаға салады. Іс-шара халықаралық тəжірибе негізінде қазақстандық медиа-нарықтың даму көкжиектерін айқындайтын біріктіруші алаңға айналды.

Форум ашылуында Ақпарат жəне қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырəлі мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм сөз сөйлейді.

Жиын барысында спикерлер мен қатысушылар талқылайтын тақырыптар: «Монетизация. Неге бəрі мұз?», «Immersiveness. Қазақстандық журналистика жаңа трендтерге дайын ба?», «From TV to YouTube: бейімделу, тенденция жəне жаңа мүмкіндіктер» жəне «Танымдық контенттің əлеуеті». 

Сондай-ақ «Өз подкастын қалай жүзеге асыру керек?», «Медиа желіде жасанды интеллекті қолдану тəсілдері» тақырыбында мастер-клаcстар ұйымдастырылады.

QAZFORUM ұйымдастырушылары: АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі, «Business Event&Rent» агенттігі.

Ал, «BAQ.kz» ақпарат агенттігі ақпараттық қолдау көрсетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы