Елордада «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
Жүргізушілер арасындағы көліктік тәртіпті арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерін алдын-алу мақсатында елордалық полиция департаменті 20-24 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана қаласы ПД-нің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуды анықтауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүргізуде.
Полицейлер көлікті мас күйінде басқаруға байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге баса назар аударатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент Әзімованы қабылдады
Келесі жаңалық
Қаржы министрлігі: Мемлекеттік сатып алу туралы ашық диалог
Өзгелердің жаңалығы