Елордада Қарқаралы тас жолының учаскесі ішінара жабылады

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Жұлдыз айналымынан бастап "Garden Village" коттедж кентінің бұрылысына дейінгі учаскеде Қарқаралы тас жолы бойынша жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты, 17-21 шілде аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілетін болады.

Астана тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы