Елордада "Қараөткел" көпіріндегі жол төсеміне жөндеу жүргізіледі

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ж.Тәшенов көшесінен Қалқаман көшесіне дейінгі "Қараөткел" көпіріндегі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты 14 шілдеден 15 тамызға дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да жүзеге асырылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы