7 Қаңтар 2024 2024, 19:45 Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Елордада қар тазалауға 1200-ден астам арнайы техника жұмылдырылды

Елорданың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеп, қала көшелерін қардан тазартуда, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорданың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеп, қала көшелерін қардан тазартуда, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

400-ге жуық жол жұмысшысы мен 1200-ден астам арнайы техника көшелерді түнгі уақытта қардан тазартуға жұмылдырылды.

Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай - ақ орташа қозғалыс қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. қардан тазартылады.

6 қаңтар күні Астанада 3131 жүк рейсін құрайтын 50 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бастап елордада 1 400 000 текше метрден астам қар шығарылды, бұл 100 мыңға жуық ауыр жүк рейсін құрайды.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, Астанада 7 қаңтарда ауыспалы бұлт шығып, кейде қар жауып, боран болады деп күтілуде. Оңтүстік - шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м / с-ті құрайды. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 0-2 градус аяз болады деп болжанды.