Елордада қар күреу жұмысына 2,5 мыңнан астам арнайы техника мен жол жұмысшы жұмылдырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада соңғы күндері қар көп мөлшерде жауды. Қаланың коммуналдық қызметтері бірнеше ауысым бойынша тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Қар күреу жұмысы үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Өткен түнде, яғни 28 наурыздан 29-ына қараған түні қаладан 9,5 мың текше метр қар шығарылды. Коммуналдық қызметкерлер қар полигондарына 700-ден астам рейс жасады.

Бүгінгі таңда қар тазалауға 800-ден астам арнайы техника мен 1700-ден астам жол жұмысшы жұмылдырылды.

Қысқы кезеңнің басынан бері, яғни 2021 жылдың 5 қазанынан бастап елордадан 4,4 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл 333 236 жүк көлігінің көлеміне тең.

Айта кетейік, қаланың коммуналдық қызметтері кешкі және түнгі уақытта күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істейді.

Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіретін жолдар және т.б. қардан тазартылады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы