Елордада қант бар ма, бар болса құны қанша?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы 4 мың тоннадан астам қантқа келісімшарт жасалды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Әкімдіктің мәліметінше, елорданың бірқатар сауда нысанында қанттың бір келісі 320 теңгеден бастап 470 теңгеге дейін бекітілген бағада сатылып жатыр.

Біздің тілшілер елордадағы бірнеше сауда орындарына бас сұғып, қанттың бар-жоғын және бағасы қанша екенін біліп келген еді. Енді суреттер сөйлесін.

Осылайша, әкімдік қант бағасын тұрақтандыру мақсатында бірқатар шаралар қабылдп жатқанын айтқан болатын. Осы мақсатта 4 мың тоннаның 2 мыңы «Тараз қант зауыты» ЖШС өндірушісінен сатып алынады. Қанттың бағасы кг 470 теңгеден сатылып жатыр деп мәлімет берді.

«Магнум» сауда желісімен 1,5 мың тонна қант жеткізу жөнінде келісімшарт жасалды. Қанттың бір келесінің бағасы 465 теңге. Тағы да, Азық-түлік корпорациясынан 136 тонна (немесе 2 вагон) қант сатып алынды, ал бір келісі 320 теңге, - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ, Алматы облысындағы қант зауытымен 2 мың тонна қант жеткізу жөнінде келіссөздер жүріп жатыр.

Сонымен қатар АШМ 152 вагон қант жақын күндері өңірлерге жеткізілетінін мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, қазір сауда нысандарының сөрелерінде қант бар. Тұрақтандыру қорынан қантты «Магнумның» 58 филиалынан, сол сияқты «Вкусмарт», «Аян», «Астықжан», «Фермаг» желілерінен сатып алуға болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ғазиз ШАКИРОВ
Өзгелердің жаңалығы