Елордада «Қанаттылар» инклюзивті театры спектакль қойды
«Күле аласыз ба?» Осындай атаумен «Қанаттылар» инклюзивті театры елордада спектакль қойды деп хабарлайды BAQ.KZ.
Премьера авторы Қанат Жүнісов. Қойылымда мүмкіндігі шектеулі жандардың жан айқайы суреттелген. Қоғамның кейбір мәселелерін астарлы әзіл арқылы жеткізуге тырысқан. Әуезді әнмен өрілген комедия адалдық, мейірімділік, жауапкершілік, ұлтжандылық сезімдерін оятуды көздейді. Астананың 25 жылдығына арналған спектакль бүгін де көрермен назарына ұсынылады.
Бір жылдың ішінде мен білсем, 20 шақты адам келіп, өздері мамандандырылған маман болмағаннан кейін, театрды оқып келмеген соң, әбден сұрыпталып, біреулер кетіп қайтып келіп жатқан театр болып тұр қазір. Бір 20-дан аса актерлары бар. Көмекші, волонтерлерімен бірге қосқанда 30-ға жуық адам жұмыс істейд, - дейді қоюшы режиссер Нұрфат Вахитов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жетісу облысында қатты жауын көпірді шайып кетті
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы