Елордада қала маңына қатынайтын автобустар уақытша тоқтатылды

Астанадағы қалың тұманға байланысты қала маңына қатынайтын бірқатар қоғамдық көліктің қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, бүгін сағат 05:45-тен бастап күн райының қолайсыздығына (қалың тұман) және тасжолдардың жабылуына байланысты қала маңына қатынайтын №№ 305, 312, 315, 316, 327 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Қала маңына қатынайтын басқа бағдарлар линияда.

Кеше тұманға байланысты бірқатар автожол учаскесі жабылған болатын.

Атап айтқанда, Ақмола облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1291-1353 шақырым аралығында, Жақсы ауылынан Атбасар қаласына дейінгі аралықта көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.

Сондай-ақ осы өңірде «Астана-Қорғалжын» тасжолының 19-124 шақырымында да көлік жүруіне тыйым салынды.

Қарағанды облысында Ақмола облысы шекарасынан Теміртау қаласында дейінгі жолда көліктің барлық түріне шектеу енгізілді. Бұл - «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1353-1425 шақырым аралығындағы учаске.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: qazaqstan.tv
Өзгелердің жаңалығы