Елордада практикалық атыстан ел біріншілігі басталды

Бұл Қазақстанда енді ғана дамып келе жатқан спорт түрінің бірі, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Жарысқа республиканың әр аймағынан 5 қаруын сайлаған 200-ден астам қатысушы келді. Дені әскерилер. Практикалық атыс – елде енді ғана кең танымалдылыққа ие болып жатыр. Бұның өзгелерден ерекшелігі, нысаналарды бір орыннан тұрып емес, жүгіріп жүріп ату керек. Яғни кез келген бұрыштан оқ жаудырып, жаттығуды жылдам орындап шығу қажет. 

Модифайт деген классқа өзіміздің макаров тапаншасы, стандартта шетел тапаншалары, глок, чезет бар. Продкашнда шетелдік қарулар. Ал openда көздеу құрылғылары орнатылған, - дейді жарыс төрешісі Әділет Айымбеков.

Мұндай жарысқа екінің бірінің қатысу мүмкіндігі жоқ. Жолдама алу оңай емес. Ол үшін бірқатар анықтамалар мен қару қолдануға рұқсат беретін құжат қажет. 

Сондықтан да ел біріншілігінде бақ сынап жүргендердің дені әскерилер. Дегенмен, IPSC жүйесіндегі барлық жарыстардан қалыс қалмайтын қарапайым азаматтар да бар екен. 

Жарыстардың бәріне қатыстым. Қазақстан Республикасының чемпионаты, үлкен чемпионаттардың бәрі. Жақында осы Еуропа чемпионатына бардым. Қабанбай клубы атынан төртеуіміз бардық. Менің жасым 48-де. Жастармен жарысып жүрмін. Қалмауға тырысамын, - деді жарысқа қатысушы Азамат Досқанаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы