Елордада полицейлер ойын-сауық орындарына рейд жүргізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәртіп бұзушыларға ірі көлемде айыппұл салынады деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтанда полицейлер ойын-сауық орындарына кезекті рейд жүргізді. 25-29 тамыз аралығында қалада "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Біздің басты мақсатымыз – құқық бұзушылық пен қылмыстың, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу, сондай-ақ карантин шараларының сақталуын қамтамасыз ету, - деді Есіл аудандық Полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Мадияр Айтуғанов.
Полицейлер мен БАҚ өкілдері 23:00-ден кейін тексеруге шыққан. Айта кету керек, қазіргі уақытта ойын-сауық мекемелер жұмысына осындай кеш уақытта тыйым салынған.
Рейд барысында полиция қызметкерлері шектеу шараларын сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да елуге жуық есірткі қылмысы тіркелді
Өзгелердің жаңалығы