Елордада 359 көлікті жүргізуге тыйым салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас қаланың полицейлері санитариялық жағдайды жақсарту және көше-жол желілеріндегі тазалықты қамтамасыз ету мақсатында, 25-30 сәуір аралығында кең масштабты «Таза қала» алдын алу іс-шарасын өткізуде, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.

Аталған іс-шара жүк көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидасын бұзуына, яғни көлік құралдарын техникалық байқаудан уақтылы өткізбеуіне және техникалық ақауы бар көлік құралдарын пайдалануға шығаруына бақылауды күшейтуге бағытталған. 

«Осы орайда, 25-26 сәуір аралығында көлік құралдарын пайдалану қағидасын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы) мемлекеттік нөмірлерін алып қою арқылы 359 көлік құралын пайдалануға тыйым салынды, 35 көлік құралы коммуналдық тұраққа орналастырылды. Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 617-бабы (Техникалық ақаулары бар көлiк құралдарын пайдалануға шығару және пайдалану қағидаларын өзге де бұзушылықтар) бойынша 10 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапқа тартты», - делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, инертті материалдарды және бетондарды тасымалдаған кезде, жапқыштарды пайдаланбауға қатысты заңбұзушылықтарға жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жолдың жүру бөлігіне батпақ-топырақты алып шыққаны үшін 100-ден астам жүргізуші жауапқа тартылды.
Сондай-ақ, аудандық әкімдіктермен бірлесіп құрылыс алаңдарында мамандандырылған техникалардың дөңгелектерін жуу пункттерінің бар-жоғы тексерілді. Нәтижесінде түрлі ұйымдардың басшыларына 25 ескертпе хабарлама берілді. 

Көлік құралдарын пайдалану қағидасын бұзғаны үшін 359 көлік құралынмемлекеттік нөмірлерін алып қою арқылы 359 көлік құралын пайдалануға тыйым салынды
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы