Елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету мақсатында 14-15 қыркүйек күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қаласының «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда Павлодар облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеде өңірдің 70-тен аса кәсіпорны елорда тұрғындарына 500 тонна өнім ұсынбақ. Оның ішінде 60 тонна ет және ет өнімдері, 20 тонна сүт, 35 тонна бакалея өнімдері, яғни жұмыртқа, жармалар, ұн, бал, өсімдік майы, 240 тонна картоп және 145 тонна көкөніс пен бақша дақылдары жеткізіледі деп жоспарланып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тағы бір қазақстандық спортшы допингпен ұсталды
Келесі жаңалық
«Барыс» «Авангард». Елордалық команданың құрамы жарияланды
Өзгелердің жаңалығы