Елордада пәтерден өрт шығып, бір бала уланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрт кезінде 10 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі.
21 мамырда елордалық өрт сөндірушілер Жеңіс даңғылы, 57 мекенжайындағы өрт туралы хабарламаға шықты.
Келген бойда төрт қабатты тұрғын үйде пәтердің ас үй-жайында үй заттары мен жиһаздары жанып жатқан. Өрт 19:08 сағатта жедел оқшауланып, 19:11 сағатта ауыздықталды. Өрт сөндіру барысында өрт сөндірушілердің күшімен жоғарғы қабаттардан құтқару маскаларының көмегімен 10 адам құтқарылды. Оның ішінде ауырлығы орташа дәрежедегі улы газбен уланған 1 бала ауруханаға жатқызылды. Өрттің шығуының алдын ала себебі - ыдыс жуғыш машинаның электр сымдарының қысқа тұйықталуы болды, - делінген ведомство хабарламасында.
Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамының 28 адамы және 6 бірлік техникасы, Полиция департаментінің, медициналық жедел жəрдем қызметкерлері жұмылдырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда вакцина алғандар арасында ұтыс ойындары әлі жалғасуда
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы