Елордада Париж олимпиадасына дайындық штабы ашылды

Елордада туризм және спорт министрлігі жанынан байрақты бәсеке Олимпиада ойындарына негізделген дайындық штабы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның негізгі мақсаты – спортшылардың алдағы жарыстарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету. Еске сала кетсек, 4-қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтеді. Ал Францияның Париж қаласында жазғы Олимпиада ойындары 26 шілдеде басталады. Паралимпиялық ойындардың жалауы тамызда желбірейді.

Біздің үлкен іс-шарамыз – Париж олимпиадасына дайындық. Өздеріңіз білетіндей, Парижге 205 мемлекеттен 10 жарым мың спортшы 32 спорт түрінен қатысады. Қазіргі таңда өзімізде 17 лицензия 8 спорт түрлерінен бар. Өкінішке орай аздау. Бірақ біздің алдымызда 80-нен астам лицензиялық турнирлер бар. Лицензия саны көбейеді деп үміттеніп жүрміз, - деді ҚР Спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы