Елордада өзеннен өтпек болған 9 жастағы бала мұз астына түсіп кеткен

Оқыс оқиға Астанадағы «Алатау» спорт кешені маңында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 18 наурызда кешке ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшісі М.Розақов «Алатау» спорт кешеніне бара жатып, Ақбұлақ өзенінің жағалауы жақтан біреулердің көмекке шақырғанын естіген. Көпірге жүгіріп барған ол өзеннің мұзы астына түсіп кеткен 2013 жылы туған Р.Фатоевты көреді. Әскери қызметші жедел әрекет етіп, баланы судан дереу шығарып алған, - делінген ҚР Мемлекеттік күзет қызметі баспасөз хабарламасында.

Белгілі болғандай, оқиға орнына дереу жедел жәрдем бригадасы шақырылған. Баланы спорт кешенінің ғимаратында қарағаннан кейін ол жақын туысымен бірге қалалық емдеу мекемесіне жеткізілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы