Елордада өтетін съезд аясындағы іс-шараларға тұрғындар қатыса алады

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі аясында өтетін кейбір іс-шараларға астана тұрғындары мен қонақтары қатыса алады,деп хабарлайды BAQ.KZ. 

12 қыркүйек күні «Бәйтерек» монументінің жанында этнофестивальдің ашылуы болады. 

«The Voice of the Great Steppe» – заманауи этникалық музыка жанрындағы мәдени жоба. Осы жерде «Шеберлер ауылы» ұйымдастырылып, ұлттық нақыштағы экспозициялар орнатылады. Фестиваль 16 қыркүйекке дейін жалғасады. 

Жұмыс уақыты күн сайын 10:00-ден 19:00-ге дейін. Ал 14 қыркүйек күні ЭКСПО аумағындағы Стелла алдында Рим Папасының қатысуымен қасиетті месса өтеді. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, діни рәсімге қатысу үшін тіркеуден өту қажет. Шара сағат 16:45-те басталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы