Елордада өтетін бокстан Азия чемпионаты кейінге шегерілді
Бұл жөнінде Азия бокс конфедерациясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана қаласында өтуі жоспарланған бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы 2023 жылғы Азия чемпионаты кейінге қалдырылды, - делінген хабарламада.
Құрлықтық доданы кейінгі шегеру себебі белгісіз.
Азия чемпионаты 14 және 30 шілде аралығында елордада өтуі тиіс болатын. Онда жастар арасында 2005-2006 жылғылар сайысқа түссе, жасөспірімдер арасында 2007-2008 жылғылар жүлдені сарапқа салады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көлсайда жылдамдығы жоғары Wi-Fi іске қосылды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы